Қалалық Бос Жұмыс Орындары Жәрмеңкесі – Алматы, 30 мамыр 2025

Жұмысшы мамандықтар жылы 2025
27.05.2025 г.

30 мамыр 2025 жылы Алматыда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтетін Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер шақырылады. Тікелей байланыс, ашық әңгімелесу және өзекті бос жұмыс орындары – барлығы бір жерде!

Жұмыс Жәрмеңкесі

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының Еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2025 жылғы 30 мамырда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтетін қалалық Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне жұмыс берушілер мен тұрғындарды қатысуға шақырады.

Өтетін орны: Арбат (Жібек жолы көшесі мен Панфилов көшесінің қиылысы), Алмалы ауданы, Алматы қаласы

Қатысушыларды тіркеу: 14:00-ден бастап

Басталуы: 15:00
Аяқталуы: 17:00

Іс-шараның мақсаты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланысты орнату, сондай-ақ жастар мен жұмыс іздеп жүрген азаматтар арасында жұмысшы мамандықтарды кеңінен насихаттау.

Жәрмеңке аясында жұмыс іздеушілер компания өкілдерімен тікелей тілдесіп, өзекті бос жұмыс орындары және еңбек шарттары туралы ақпарат алып, бастапқы әңгімелесуден өту мүмкіндігіне ие болады. Ал жұмыс берушілер өз ұйымдарын кең аудиторияға таныстырып, лайықты үміткерлерді таба алады.

 

Алматы қаласының Еңбек мобильдігі орталығы

Тел. 8-747-421-5482. E-mail: opr.ctm@yandex.kz


Автор: ISamal Kasenkyzy, PR-менеджер
Компания: Центр трудовой мобильности г. Алматы, ГКУ, служба занятости

Источник: Алматы қаласының Еңбек мобильдігі орталығы