Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: 10.04.2026 ж., Алматы қаласының Медеу ауданы
2026 жылғы 10 сәуірде Алматы қаласының Медеу ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара барысында жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттар, өзекті бос орындар және жұмысқа орналасу бойынша кеңестер ұсынылады. Тіркелу сағат 10:30-дан басталады.
Алматы қаласының Медеу ауданының аудандық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі.
2026 жылғы 10 сәуірде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ жастар мен жұмыс іздеп жүрген азаматтар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау.
Жәрмеңкеге қатысушыларды мыналар күтеді:
- өзекті бос жұмыс орындары және еңбек жағдайларымен танысу;
- жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттардан өту;
- жұмысқа орналасу мәселелері бойынша орталық мамандарынан кеңес алу.
Жәрмеңкеге қаланың барлық мүдделі тұрғындары, сондай-ақ білікті кадрларды іріктеуге мүдделі жұмыс берушілер шақырылады.
Өткізу орны: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин аллеясы (Мақатаев және Мәметов көшелерінің аралығы). Бағдар: Орталық мешіт және Көк базар.
Іс-шараның регламенті:
– Қатысушыларды тіркеу: сағат 10:30-дан бастап.
– Іс-шараның басталуы: сағат 11:00.
Ұйымдастырушылар бұл іс-шара жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің, кәсіби дамудың тиімді алаңына айналып, көптеген азаматтарға лайықты жұмыс табуға көмектесетініне сенімді.
Жұмыс берушілер үшін:
Компанияларды алдын ала тіркеу міндетті.
Қатысушының формасын opr.ctm@yandex.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
Тіркеу мерзімі: 08.04.2026 ж. дейін.
Орын саны шектеулі.
Источник: «Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы» КММ